«Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 10 мамырдағы № 11-1-4/211 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық келісімді жасасу, өзгерту, бұзу қағидаларында (бұдан әрі - Кағидалар):
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялар туралы келісім жасасу мақсаттары үшін, «Task Force» - өтініш бойынша құжаттарды бастапқы қабылдауға және келісім жасасу процесін сүйемелдеуге жауапты ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшесі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кодекстің 295-2-бабының 1-тармағында көрсетілген салалардағы жобаларды іске асыруға келісім жасалмайды.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. «Task Force» осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді және өтініш берушіні нәтижелері туралы электрондық байланыс арқылы хабардар етеді.
«Task Force» өтініш беруші ұсынған құжаттар мен осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мәліметтерді қарастыру және өтініш берушінің заңдық және қаржылық тазалығы туралы мәліметтерді алу үшін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде «Астана» халықаралық қаржы орталығына жібереді.